18 Қырқ 2020
Материал Еркинкала

Мектеп формасы

Мектеп  оқушыларына  қойылатын  мектептің  ішкі  тәртіп  ережесі

 

  1. Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен  бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында  міндетті мектеп формасына  қойылатын талаптар» арқылы жүзеге асады

 

– Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлі

– Ұл балаларға арналған мектеп формасына: пиджак жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде /қысқы мезгілде: трикотаж жилет, волдолазка/ ұлдарға арналған шалбар еркін тігілген  және ұзындығы бойынша  тобықты жауып тұрады.

– Қыз балаларға арналған мектеп формасына: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде /қысқы уақытта: трикотаж жилет, водолазка, сарафан/ қыздарға арналған  шалбарлар еркін тігілген  және ұзындығы бойынша  тобықты жауып тұрады.

 

  1. Мектептегі салтанатты мерекелерде, жиындарда т.б мектепшілік мерекелерде олар бекітілген формамен келуі тиіс.
  2. Дене шынықтыру сабағы мен спорт секцияларына оқушылар спорттық киім және спорттық аяқ киіммен  келуі тиіс.
  3. Мектеп формасына кез келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді /хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандар және орамал/ тағуға рұқсат берілмейді.
  4. Оқушылар мектепке екінші аяқкиім алып келуге міндетті.
  5. Олар өз сыныптарына немесе сабақ кестесінде көрсетілген кабинетке барады.
  6. Ұқыпсыз киінген кейбір оқушыларға кезекшілер ескерту жасап, өздерін тәртіпке келтіруін талап етеді.
  7. Барлық оқушылар мектепке кешікпей келуге міндетті. Кешігіп келгендер тек кезекші мұғалімнің немесе мектеп әкімшілігінің рұқсатымен сабаққа жіберіледі.
  8. Мектепке смартфон ұялы телефон және бағалы нәрселерді әкелуге болмайды. Жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапкершілік алмайды.
  9. Сабақтан оқушылардың үйлеріне қайтуы сынып жетекшілерінің шығарып салуымен ұйымдастырылған күйде өтеді.
  10. Оқушыларға мектепте сырт киіммен және бас киіммен жүруге рұқсат етілмейді.
  11. Сабақтан кейінгі  мектепте тек қоғамдық жұмыстармен  шұғылданатын немесе сабақ кестесіне  сәйкес үйірмелерге қатысатын оқушылардың қалуына болады.
  12. Барлық оқушылар мектеп мүлкін сақтауға, өз заттарымен жолдастарының бұйымдарына ұқыпты қарауға міндетті.
  13. Оқушылардың кінәсімен бүлінген мүліктерді олардың өздері жөндеуге міндетті немесе ата-аналары есебінен қайта жасалады, жөнделеді.
  14. Оқушылар жасыл желектерді, соның ішінде мектеп ауласындағы көгалды да қорғауға, ал зақымданғандарын қалпына келтіруге міндетті.
  15. Олардың оқулықтары, кітаптары, күнделікті ұқыпты түрде қапталған болуы тиіс.

 

Оқушы  1-4,  9 пунктті бұзса:

– ата-анасына хабарланады;
– ата-аналары мектепке шақырылады;