18 Қырқ 2020
Материал Еркинкала

Сенім жәшігі

Ата-аналар мен окушылардып назарына! 

Мектебімізде ”Сенім жəшігі” мен “Сенім телефоны” жұмыс жасайды.

“Сенім жəшігі“ туралы мəлімет.

 

Егер Сізді қандай да бір мәселе мазалар жүр,  ол достыққа байланысты, отбасындағы, сыныптағы және ұстаздармен қарым – қатынас болса, онда бұл Сіз үшін! Бізге жазыңыз!

Егер бір себептермен өзіңізді мазалап жүрген нәрсені айта алмай жүрсеңіз, бізге жаза салыңыз!

Сіз нақты мамандардан көмек алғыңыз келсе, /педагог – психологтан, әлеуметтік педагогтан, мектеп әкімшілігінен/ немесе пайдалы ақпарат алғыңыз келсе, бізге жазыңыз!

Арнайы ұсынысыңызды, өтініш-тілегіңізді хат үлгісінде жеткізуіңізге болады. Аты – жөніңізді керсету маңызды емес.

Жоғары сыныптағылардың әлімжеттік жасап жургенін байқасаңыз, өз басыңыздан әлімжеттікті өткерсеңіз, міндетті түрде жазыңыз. Өйткені, қоғамға ондай бұзақылық қажет емес. Мұндай жағдайдың өзіндеькейіпкердің атын атамай, жай ғана кейіпкердің атын атамай, жай ғана жүйенің бар екенін көрсетсеңіз жеткілікті.

Мектеп ішінде өткізілуге тиісті бағдарламалар, шаралардың үлгілерін салуыңызға да болады. Сіз белсенді емес шығарсыз. Алайды, қабілетіңізді, талантыңызды танытуға жол бар.

 

“Сенім жәшігі” мектептің кіре берісінде киім тапсыратын жердің жанында және тарих кабинеті қасында орналасқан.

 

 

“Сенім телефоны” туралы мәлімет.

Балалар мен ересектерге психологиялық, педагогикалық және құқықтық көмек көрсету және олардың мәселелерін шешу мақсатында сенім телефоны жұмыс жасайды.

 

 

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: 23 30 71