18 Қырқ 2020
Жаңалықтар

«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»

Күні: 28.04.2018
Өткізілген  орны:  АКТ  зал.
Қатысқан:  8-9  сынып  оқушылары.

Бүгін  мектебімізде   «1 мамыр – Қазақстан  халқының  бірлігі  күні»  мерекесіне   орай  түрлі  ұлт  өкілдерінің  мәдениетін,  әдет-ғұрпын  дәріптеу  мақсатында  «Достықтың  алтын  көпірі»  атты  8-9  сыныпаралық  сайыс  өткізілді.Сайысқа 7 ұлт  өкілі  болып  сыныптар  шықты:

  1. Қазақ
  2. Орыс
  3. Грузин
  4. Өзбек
  5. Татар
  6. Түрік
  7. Үнді

Сайыс  5-кезеңнен  құралды:

  1. Таныстыру.  (Әр  ұлт  өз  ұлты  жайында  видеоролик  дайындап  таныстырады)
  2. Би. (Әр ұлт  өздерінің  ұлттық  билерін  билейді)
  3. Ән. (Әр ұлт  өздерінің  әндерін  сол  тілде  орындайды)
  4. Көркемдік – театрландырылған  қойылым. (Әр  ұлт  өздерінің ұлттық  салт-дәстүрінен)
  5. Көрме (Әр  ұлт  өздерінің қолдарынан  шыққан  ұлттық  бұйымдарын,  тағамдарын  көрсетеді, таныстырады)