18 Қырқ 2020
Жаңалықтар

2018 жылдың 4-қазанында Ғылым қоры «Технологияларды коммерцияландыру – ғылым мен бизнесті кіріктіру құралы» ІІ халықаралық форумың өткізеді

Форум брокерлік оқиға форматында өтеді, оның мақсаты ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға мүдделі әлеуетті серіктестерді іздеу және олармен байланыс орнату болып табылады. Осы мақсатта Форум шеңберінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының көрмесі ұйымдастырылатын болады.

Бұдан басқа коммерцияландыруды қолдау құралдары, ғылым, техника және инновация бойынша халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу тетіктері, технологиялық кәсіпкерлік және жетекші отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен старт-ап компанияларды дамыту бойынша тренингтер өткізу жоспарлануда.

Форум жұмысына мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік секторының, ғылым және бизнес өкілдері қатысады.

Астана қ. Хилтон мейманханасы, Сауран к., 46 мекенжайы бойынша өтетін Форумына қатысуға шақырамыз.

Тіркеу және бағдалама forum.science-fund.kz  сілтме бойынша қол жетімді 

Секцияға қатысушылар мен мастер-кластарға сертификаттар беріледі.

«Ғылым қоры» АҚ сайтына http://science-fund.kz сілтеме бойынша қол жетімді