«Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Өкімімен Азамат Саматұлы Мәмбетов ішкі конкурстың нәтижесінде облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
⠀
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жаңа басшысын ұжымына облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков таныстырып, жұмысына табыс тіледі.
⠀
Азамат Мәмбетов 1986 жылы Ақтөбе облысында туған. Білімі жоғары: Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
⠀
Еңбек жолын 2006 жылы Ақтөбе қаласы әкімі аппараты жанындағы «Ақтөбе-Геозем» мекемесінде кадр жөніндегі бас маман болып бастап, 2010-2011 жылдары Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік-құқықтық және кадр бөлімінде кадр ісі жөніндегі бас маман болып жұмыс істеген.
⠀
2011-2013 жылдары аталған басқарманың Стратегиялық және бағдарламалардың құжаттар мониторингісі жөніндегі бөлімінде заңгер, 2013-2019 жылдары осы ұжымда түрлі бағыт бойынша бөлім басшысы болып еңбек еткен.
⠀
2019 жылдан күні бүгінге дейін облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.