09 Қырқ 2021
Жаңалықтар

«Мектепке жол» акциясы

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы 15 тамыз – 15 қыркүйек аралығында жыл сайын  өткізіліп отыр. «Мектепке жол» акциясы жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Жалпы білім беретін Еркінқала орта мектебінің әкімшілігі мен мектеп педагогтарының ұйымдастыруымен  биыл 3 отбасыға, оның ішінде көпбалалы алтын алқа иегеріннің балаларына және екі жартылай жетім отбасыға қаржылай көмек, мектеп құралдары, балаларға базарлық ұйымдастырылды.